Кәмелетке толмағандар күдікке ілінді

Рудныйда жас жігітті таныстары пышақтап өлтіріп кетті. Күдікке ілінгендер 17-18 жаста. 19 жастағы тұрғынның өлімі Рудный халқын дүр сілкіндірді. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің кіре берісінен табылған. Полицейлер  мен прокуратура қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізіп, күдіктілерді Көкшетауда ұстады. Қолға түскен екі бозбала қамауға алынды. Күдіктілер кеншілер қаласына жақын маңдағы аудан тұрғындары екені анық болды.

ЕРЛАН СЕРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Рудный қаласында болған кісі өлтіру дерегі бойынша күдікке ілінген екі адам ұсталды. Бұған дейін хабарлағандай 23 қаңтар күні көпқабатты үйдің бір подьездінде пышақ жарақаттарымен Рудный қаласының 19 жастағы  тұрғынының денесі  табылған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тергелуде. Алдын-ала анықталғандай жаас азаматтар бір-бірімен таныс болған. Кісі өлтіру жеке қарым қатынасқа  байланысты туындаған  жанжал себеп болған.