«Құрылтайда фракция өкілдерінен тең құралатын комиссия құруды ұсынамын» - Е.Бейсенбаев

Унитарлы мемлекеттер үшін бір палаталы парламент – ең тиімді модель.  Заң шығару процесі жылдам әрі ашық болады. Барлық заң бір парламентте үш оқылымнан өтеді. Депутаттар алғашқы екі оқылымда жан-жақты талқылайды. Үшінші рет Конституцияға сәйкестігі пысықталады. Бұл лоббистердің жолын кесіп, мемлекет мүддесіне қайшы ұсыныстарға тосқауыл қояды, - дейді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.  «AMANAT» фракциясының жетекшісі Отандық парламентаризм тарихында алғаш рет легитимді әрі әділетті қадамдар жасалып жатыр, - деп санайды.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Болашақ құрылтайдың партиялық тізім арқылы жасақталуы жеке тұлғаларға емес, саяси бағдарламалар мен идеологияларға негізделген институционалдық жауапкершілікті күшейтетін болады. Өйткені саяси партия оның шешімдері бірлесіп қабылданады. Өзара бақылау мен жауапкершілікке сүйенетін қоғамдық ұйым. Осы логиканың жалғасы ретінде парламентте барлық фракция өкілдерінен тең құралатын және олардың барлығын қамтитын тұрақты сараптамалық құқықтық комитет құру қажет деген ұсынысты айтамын.