Алматы облысы тұрғыны әйелі мен енесін өлімше етіп сабап тастады

Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны әйелі мен енесін өлімше етіп сабап тастады. Ерлі-зайыпты қазір ажырасу үстінде жүр екен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол күйеуінен таяқ жеуге әбден үйреніп қалған. Бірақ бұл жолы ер адам арсыздықпен енесін де, жұбайының әпкесін де  аямай, күректің сабымен таяқтың астына алған. Соққының қатты болғаны сонша – күректің өзі сынып кеткен. Қаніпезер күйеу есік алдындағы көлік пен үйдің терезелерін сындырып, машинаны айдауға жарамсыз етіп тастаған. Күдікті 31 жаста, асаба болып жұмыс істейтін көрінеді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тергеу қорытындысы бойынша күдіктінің әрекеттеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.