Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Константин Циолковский тұйығында жер үй өртеніп, артынша жарылыс болды. Жалынды сөндіру кезінде газ жарылып, пәтерлердің біріндегі өрт 80 шаршы метр аумаққа таралған. Ал ғимараттың қалған бөлігіне жалынның таралуына жол берілмей дер кезінде сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі қазір анықталуда.
МАКСИМ ТЕСЛЯ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАЙҚОҢЫР АУДАНЫНЫҢ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
Бүгін сағат 10:48-де өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оған 40 өрт сөндіруші мен 8 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.