Туристер мінетін су көлігінің қауіпсіздігін ешкім қадағаламайды

Туристер су айдындарында еркін серуіндей алмайды. Себебі елде су көлігінің қауіпсіздігі сақталмаған. Оны бірде-бір орган қадағаламайды. Қазір аймақтарда инспекторлық топтардың жетіспеуі қатты сезіліп отыр. Яғни, облыстағы бүкіл акваторияны көлік инспекциясының бір қызметкері ғана қадағалайды. Осыдан кейін қайықты куәліксіз және құтқару құралдарынсыз пайдаланған фактілер анықталған. Салдарынан былтыр туристердің денсаулығы мен өміріне қатер төнген еді.

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Заңнамалық реттеу саласында да қалыс қалған тұстар бар. Мысалы, жағажайларды жайластыру жөніндегі ұлттық стандарт тек ерікті түрде жүргізіледі. Ал Ішкі істер министрлігі бекіткен судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуы қадағаланбайды.