Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қызметінен босатты. Ол бұл қызметке 2023 жылы келген еді. Оның орнына Президент жарлығымен Асқарбек Ертаев тағайындалды. Ол бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.