Оралда қыз-келіншектерді толғандырған түйткілді мәселелер талқыға түсті. Семинар-тренингті "AMANAT" партиясының облыстық филиалы жанындағы "Әйелдер қанаты" ұйымдастырды. Басқосу тек танымдық дәріспен шектелмей түрлі ойын, пікірталас түрінде ұйымдастырылды. Мұндай жаттығулар қыз-келіншектердің жеке дамуы мен кәсіби өсуіне және белсенділігін күшейтуге ықпал етеді екен. Өйткені қазіргі қазақ әйелдері тұрмыс пен жұмысты қатар алып жүр. Сондықтан күйзеліс пен күйбең тірліктен қажымауы үшін психологиялық тұрақтылық өте маңызды, дейді ұйымдастырушылар. Семинарға қатысуға кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мұғалімдер және мемлекеттік қызметшілер ынта білдіріпті.
ГАУҺАР ШАЙХИНИЯЗОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БҚОФ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Әр адамның психологиялық тұрақтылығы өзінің отбасында да тұрақты болуына, қоғамда да тұрақты болуына үлкен септігін тигізеді. Әр адамның ішінде түрлі эмоциялар жасырылуы мүмкін. Осы бағытта біздің тренеріміз осы әйелдердің сол эмоцияларын шығарып, оны басқарудың тәсілдерін үйретеді. Семинар-тренинг біздің қыз-келіншектерге үлкен көмегін көрсетеді деген сенімдеміз.