Алматы, Маңғыстау және Бурабайда инфрақұрылым кешенді дамиды

Фото: ашық дереккөзден алынды

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Алматы тау кластерін, Щучье–Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарларын бекітті. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді.

Алматы өңірінде курорттар бірыңғай жүйеге біріктіріліп, 30 жаңа аспалы жол мен 161 шақырым шаңғы трассасы салынады. Бұл туристік ағымды 5 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Щучье–Бурабайда туристік жүктемені Қатаркөл мен Жөкей көлдеріне бөлу көзделген.

Ал Маңғыстауда «Жылы жағажай» мен «Кендірлі» бағыттары дамытылады. Жоспарға сай, 2029 жылға қарай туристер саны тағы 150 мың адамға өсіп, қонақтардың өңірде болу ұзақтығы 10 күнге дейін ұлғаяды.