27 қаңтарға арналған доллар бағамы

Фото: freepik.com / BillionPhotos

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 502,27 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,45 теңгеге жоғары.

Ұлттық банктің 27 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 501,79 теңге.

Kurs.kz деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 503,14 теңгеден сатып алынып, 505,36 теңгеден сатылып жатыр.

Астанада валюта айырбастау орындары долларды орта есеппен 500 теңгеден қабылдап, 506,99 теңгеден сатуда.

Ал Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы – 503,14 теңге, сату бағамы – 505,22 теңге.