Ақмола облысында балаларына алимент төлемеген әйел жауапқа тартылды

Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысында алимент төлемегені үшін борышкер жауапқа тартылды.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2025 жылы Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға төлеуден жалтарған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аудан прокуратурасы борышкердің міндеттемелерді орындау бойынша шараларды қолданбай ұзақ уақыт бойы әрекетсіз болғанын анықтады.

Нәтижесінде оның қарызы 2,2 млн теңгеден асты. Сот үкімімен борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.

- Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз, - делінген хабарламада.