Дәрігерлер науқастың бүйрегінен ерекше пішінді тасты алды

Фото: pixabay

Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың дәрігерлері 66 жастағы науқасқа күрделі ота жасады. Нәтижесінде науқастың бүйрегінен ерекше пішінді үлкен тасты алып, ағзаны сақтап қалды.

"Науқастан көлемі 6×5 см ерекше пішінді тас алынды. Одан кейін бүйрек Custodiol (кустадиол) ерітіндісімен мұқият өңделіп, қайтадан орнына салынды. Бұл – сирек қолданылатын, жоғары технологиялы органсақтаушы хирургиялық әдіс", - делінген әкімдік хабарламасында.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.