Екі облыста жол жабылды

фото: pixabay

Ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған:

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1486-1806 шақырым аралығы («Мирас» объектілік қызмет көрсету сервисі – Қызылорда қаласы).

Маңғыстау облысы:

- «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-718 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Жетібай елді мекені).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 786 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.