Әскерде тағы өлім: Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2026

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қаза тапты. Қайғылы жағдай Отар ауылы Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған. Ресми ақпарат бойынша, 18 жастағы сарбаз қолындағы снайперлік қарумен өзіне оқ атып алған. Ол әскер қатарына былтыр күзде Алматы облысы, Кеген ауданынан шақыртылған. Аталған іс бойынша Ішкі істер министрлігі  жедел тергеу тобының құрылғанын хабарлады.  

МЕРЕКЕ КӨШЕКБАЕВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ ҚҰРЛЫҚ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен жан-жақты қолдау көрсетіледі. Аталған факт бойынша ҚР Ішкі істер мнистрлігінің әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Оның барысанда болған оқиғаның барлық себептері мен мән жайлары анықталады.