Ақтөбеде бір аптада мұзға құлап, жарақат алған 200 ге жуық тұрғын медициналық мекемелерге жүгінген. Ауыр жағдайдағы 43 адам ауруханаға жатқызылған. Қалада коммуналдық қызметтердің жұмысы қызу. Жұмысшылар жаяу жүргіншілер жолына құм-тұз қоспасын сеуіп, көктайғақтың алдын алу шараларын жүргізуде.
МИРАС ӘЖІБАЕВ, АСТАНА АУДАНЫ ТКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қаңтар айының басында күрт көп қар жауып, содан кейін жаңбыр жауып көптеген мына жаяу жүргінші жолдарының барлығы мұздақ жауып кетті, қатырып тастады. Мектеп, балабақша және де амбулаторияға баратын жолдардың ішіндегі қар мұздақтардың барлығы алынды. Ендігі кезең кейбір көшелерде жаяу жүргінші жолдары жоқ жерлер бар, сол жерлерде адам басып, із салып тастаған жерлердің барлығының қар мұздақтарын алып тастап жатырмыз.