Ұшақ 30 минутқа кешіксе, билет құны қайтарылады

Ұшақ 30 минутқа кешіксе, билет құны қайтарылады. Яғни, енді қайтарымсыз әуе билеттері деген болмайды. 7 күн ішінде ақысын қайтармаған компанияларға өсімпұл жүреді.  Ал овербукингке ілініп, ұшаққа отырғызылмаған жолаушыға 1000 доллар өтемақы төленеді.  Әрі келесі рейске тегін билет беріп, қонақүйге орналастыру да авиакомпанияның мойнына артылады. Авиация саласындағы өзгерістер жайлы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов айтты. 2020 жылы лоббистердің ығына жығылып жазылған тұтынушылар құқығы туралы заң толық түзетіледі.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз билетті баруға-қайтуға аламыз ғой. Баруға ұша алмай қалсақ, қайтатын билеттерін жоққа шығарады. Ақшасын алып қалады. Біз оны айттық. Ондай болмайды. Бүкіл ақшаны ваучермен қайтаруға болмайды дедік.Ақшамен бердің ба, ақшамен қайтаруға міндеттісің деп келістік. Көктемде президентке қол қоюға ұсынамыз. Заңды да өзгертеміз. Ішкі талап-тәртібін министрлік авиацияға қатысты өзгертетін болады.