Павлодарда бір донор бірнеше адамды құтқарды

Павлодар облысында  213 адам донорға зәру. Оның жүз тоқсан бесі бүйрек, оны бауыр, үшеуі жүрек күтіп жүр. Арасында 4 бала бар. Алайда, елде донор табу мәселесі өзекті болып тұр. Қайтыс болған адамдардың  ағзасын алуға келісім бере қоюы екіталай. Дәрігерлердің айтуынша, бір донор 7 адамның өмірін құтқара алады. Өткен жылы 18 адам донор болуға келісім беріпті. Биыл 2 адамның жақындары рұқсат еткен.   39 жастағы науқас «ми өлімі» ауруына шалдыққан. Дәрігерлер қайтыс болған әйелдің жүрегін, екі бүйрегі, бауыры мен көздің қасаң қабығын алды.

ДМИТРИЙ ПОТЕРЕБУХ, ОБЛЫС БОЙЫНША ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУШІ:

Ағзалар Астана қаласындағы медициналық орталыққа жеткізілді. Бүгін науқастарға ота жасалынып, ағзалары ауыстырылатын болады. Операция қорытындысы кешке белгілі болады. Ми өлімі анықталғаннан кейін ағзалардың жарамдылық уақыты шектеулі. Сондықтан барлық медициналық және ұйымдастыру шаралары жедел түрде жүргізілді.