Қазақтың құрақ көрпесі әлемдік рекордтар кітабына енді

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2026

Қазақтың  құрақ көрпесі  әлемдік рекордтар кітабына енді. Елордада шеберлерге ресми түрде сертификат пен медаль табысталды. Ауқымды жобаға еліміздің 17 өңірінен 660 құрақшы атсалысып, 660 көрпе тіккен. Сондай-ақ, игі бастамаға 6 жастан 90 жасқа дейінгі шеберлер атсалысып, ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісін көрсетті. Құрақтың ерекшелігі - көрпелердің барлығы бір түсті, салмағы мен өлшемі бірдей бір материалдан жасалған. “Аламан құрақ” көрпешілері бұған дейін де рекордтар орнатқан. 2023 жылы  Қазақстанның рекордтар кітабына енсе, 2024 жылы 5 дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 450 құрақшы 450 көрпе тікті. 

НҰРГҮЛ АБАЙХАН, "АЛАМАН ҚҰРАҚ" ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

Идея, әрине, әлемдік, жаһандық, қазақстандық деңгейде өтіп жатқан рекордтарға қарап, неге бізідң құрақшылардың көрпесін осылай көрсетпеске деп. Бізлдің жобамыздың миссиясы мен мақсаты бірден айқындалды.Миссиясы - қазақтың құрағын әлемге паш ету, брендке айналдыру, біздің құндылығымызды көрсету. Ал мақсаты - қазақтың ауызбіршілігін, кеңпейілдігін, қонақжайлығын көрсету болды.