Павлодарда экологиялық жиын өтті

Павлодарда "Таза Қазақстан"  акциясы аясында «Таза ел – біздің ортақ жауапгершілігіміз» атты жиын өткізілді. Шара аясында студенттер, оқушылар өзі тұратын қала, ауыл аймақты таза ұстауға арналған жобаларын таныстырды. Алдағы уақытта бұл жобалар жүзеге асырылады. Оған барша облыс тұрғындары қатысуға болады. Яғни, өзі тұрып жатқан мекеннің тазалығына бей-жай қарамайтын барша азамат тазалыққа үлес қоса алады.

РУСАНА СҮЛЕЙМОНОВА, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ОБЛЫСТЫҚ ШТАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

36-шы мектеппен меморандумға қол қоятын боламыз. Бұл біздің ынтамақтастық туралы біздің экологиялық бағытында бірге жұмыс жасаймыз деген меморандум. Одан басқа мектептерде, колледждерде біз «Жасыл ел» штабын ашатын боламыз.