Доллар бағамы қандай?

фото: pixabay

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,34 теңгеге қымбаттап, 503,90 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 502,27 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 502,91 теңгеден сатып алынады, 505,26 теңгеден сатылады. Еуро 601,38 – 606,40 теңге, ал рубль 6,49 – 6,60 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,37 теңгеден сатып алынады, 76,04 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

– доллар 503,00 теңгеден сатып алынады, 510,00 теңгеден сатылады;

– еуро: сатып алу - 597,00 теңге, сату - 607,00 теңге;

– рубль: сатып алу - 6,40 теңге, сату - 6,70 теңге.

– юань: сатып алу - 74,26 теңге, сату - 78,49 теңге.