16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

Фото ашық дереккөзден

 ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері жұмыс істемейді. 
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.