Жыл басынан бері бағалы металл 20 пайызға қымбаттаған. Негізгі факторлар - доллар индексінің төмендеуі мен геосаяси ауытқулар.
Америкалық валюта 4 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін арзандады. Сонымен қатар алтын бағасының өсуіне АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс те ықпал етіп отыр.
Айта кетейік, инвесторлардың сұранысы долларға емес, алтын мен күміске артқан.