"Қаза тапқандар – кінәлі тұлға емес, жол-көлік оқиғасына себепкер адам- тірі",- И.Лепеха

Астанада көпір үстінде 3 көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты. Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан түзу бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаза тапқандар – кінәлі тұлғалар емес, жол-көлік оқиғасына себепкер адам тірі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалғандықтан, бұл дерек бойынша толыққанды түсініктеме беру мүмкін емес. Кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты іс қозғалып, кінәлі тұлға бас бостандығынан айыру жазасына тартылатын болады.

Сондай-ақ, апатқа ұшыраған  көліктің бірі жалға алынғаны анықталды. Осыған байланысты көлік құралын ұсынған компанияның заңнама талаптарын сақтауына қатысты тексеру жүргізіледі. Жол апатынан барлығы алты адам зардап шеккен.

АКБАЯН АРАПШАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Оқиға орнында жедел медициналық көмектің бес бригадасы жұмыс істеді. Зардап шеккендердің бірі бригадамен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді.