Атырау облысында саябақ орнына құрылыс салуға рұқсат берген ауыл әкімі жұмысынан қуылды

Атырау облысында саябақ орнына  құрылыс салуға рұқсат берген ауыл әкімі жұмысынан қуылды.  Жасыл белдеуді отауға келісім берген  Махамбет ауданындағы өзге де жауапты  атқамінерлер ескерту мен  сөгіспен құтылып кетті.

Жасыл белдеуді аудан орталығының   байырғы тұрғындары шаңды топырақты басу үшін өздері егіп, өсірген.  Полиция ғимаратын салуға  ауылдан алаңқай таппай, әкімдегілердің көзі жарты ғасыр жайқалған  саябаққа түсіпті. Бас жоспарда бекітілгеніне қарамастан, 7 гектардың 2 гектарына рұқсат беріп қойған. Мұны естіген халық біздің арнаға шағымданған еді.   Аудандық прокуратура шенділердің әрекетінен заңсыздық байқап, дереу  шешімнің күшін жойды. 

ӘДІЛЕТ НҰРБАЕВ, МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Бұл шешім экология кодексімен және жер кодексінің талаптарына  қайшы шығарылғаны анықталды.  Прокурорлық қадағалау актілердің қарау  нәтижесімен  ауылдық округ әкімінің шығарған заңсыз шешімінің  күші жойылды. Сондай-ақ Махамбет ауданы әкімінің орынбасар , аудандық жер қатынастары бөлімі және құрылыс бөлімі басшылары , сонымен қатар Азаматтарға арналған Үкімет мемелекеттік корпорациясы  Махамбет аудандық филиалының басшысы  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.