Зейнетақы жинағымен ипотека төлеу уақытша тоқтатылады

Азаматтар наурызға дейін зейнетақы қорындағы артық ақшасын ипотека жабуға  қолдана алмайды. Өзгеріс 31 қаңтарда күшіне енеді. Отбасы банктың хабарлауынша, қордағы артық сомамен ай сайынғы төлемді  жабу мүмкін болмайды. Тек негізгі қарызды төлеуге рұқсат етіледі. Несие бойынша ай сайынғы қарызын борышкер өз қаражатынан ғана қайтаруы тиіс. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы қаражатын пайдаланудың басқа бағыттары өзгермейді.