Екі мың кәсіпкер алаяқтық үшін жазаға тартылған

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2026

Қасақана банк алдындағы берешегін өтеуден жалтарған кәсіпкерлерге жаза күшейеді. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады. Себебі бизнесі үшін несие алған кәсіпкерлер, мүмкіндігі бола тұра әдейі банкроттық жариялапты. Былтыр  1932 тұлға анықталған. Мемлекеттік кірістер комитеті жауапкершіліктен жалтарғандар биыл да жетерлік дейді. Толығырақ әріптесім Үсан Астана тарқатады.

Кәсіп үшін  несие  алып,алған ақшаны қалтасына басып,төлеуге келгенде жауапкершіліктен қашып, әдейі банкроттық жариялайтындар жиілеген.    Бұндай кәсіптегі алаяқтық схемалары бұрыннан болғанымен, қазір оны анықтау мен дәлелдеу тетіктері жетілдіріліп, бақылау күшейтілген.  Кредиторларға келтірілген 645 миллиард теңгеге жуық залал анықталды.

МЕРУЕРТ СИСЕМБАЕВА, ҚР ҚМ МКК ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Банкроттық рәсімі барысында борышкерді сот арқылы әдейі банкрот деп тану жағдайларының жиілеп кетуі ол менің ойымша осы бақылаудың күшеюі. Өйткені әдетте банкорттық фактілері бұрында орын алатын. Кәсіпкерлер түрлі схемалар арқылы жауапкершіліктен жалтару оны анықтаған кезде дәлелдеу деңгейін дамыту қажет болды.

Дәлелдеу базасының мықты болуына биыл толық іске қосылатын автоматтандырылған жүйе   септігін тигізбек. Жаңа технология тек салық деректерімен шектелмейді, екінші деңгейлі банктер мен мүлік тіркейтін органдардың базасына тікелей қосылады. Бұл кәсіпкердің әрбір күмәнді мәмілесі мен жасырған активін айна қатесіз анықтайды. Соңғы екі жылда 120 әкімшілік және 44 қылмыстық іс қозғалып, сот тәртібімен 389 миллиард теңгені өндіру туралы шешім шыққан. Ал жауапкершіліктен жалтарғандар жазаланады.

ЖАНДОЯ ТҰЯҚОВ, ЗАҢГЕР:

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ҚК-нің 238 бабында әдейі банкроттық деген ұғым бар және тергеу органымен осындай іс әректтер лауазымды тұлға құрылтайшы  кредитордың алдындағы сіндеттемеден жалтару мақсатында әдейі банкроттық істесе  онда заңға сәйкес 3000 АЕК дейін  айыппұл қарастырылған және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Жалған банкроттық - мемлекеттің қаржылық тұрақтылығына нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Мемлекеттік даму қорлары мен банктерден жеңілдетілген қолдау алып, соңында қасақана қарызды өтеуден жалтару нарықтағы салауатты бәсекелестікті бұзып, банк жүйесі мен макроэкономикалық тепе-теңдікке қауіп төндіреді.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Қасақана түрде банкрот деп жариялайтын болса мемлекеттің ақшаның ретсіз жұмсалуына екіншіден мемлекеттік органдарға деген сенімсіздіктің туындауына үшіншіден бәсекелестік ортаның дұрыс болмауына теріс әзерін тигізеді.

Жалған банкрот жарияланған кәсіпкерлердің саны өсе беретін болса ол біздегі банк жүйесінде бұзылуына қаржылық қаражаттардың дұрыс болмауына кері әсерін тигізеді. Бұл жалпы макро экономикалық  өзінің кері әсерлері өте жоғары.

Жаңа жүйе енді кредиторлардың құқығын қорғайды. Заң алдындағы жауапкершілік пен автоматтандырылған жүйе кез келген күмәнді әрекеттің ізін суытпай табады. Ал бұл  ел экономикасының тұрақтылығы мен мемлекеттік қолдаудың нақты мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз ететін басты қадам.