Жасанды интеллект жобаларына 10 млрд теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 29 қаңтар 2026

Жасанды интеллект саласындағы бастамаларды ілгерілету мақсатында мемлекет тарапынан 10 миллиард теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, қазіргі таңда 26 жоба 40 жасқа дейінгі мамандардың жетекшілігімен орындалуда. Бұл зерттеулерге еліміздің 11 өңірінен 27 жоғары оқу орны мен 6 ғылыми орталық жұмылдырылып, барлығы 500-ге жуық ғалым атсалысуда. Солардың бірі ым-ишара тілін танитын бағдарлама. Қазір бұл бағдарлама телеарналар мен мектеп бағдарламасына енгізілген. Ол естімейтін жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, төтенше жағдайды хабарлап отырады.

НҰРЗАДА АМАНГЕЛДІ, ҒАЛЫМ:

Бұл жобаның негізгі мақсаты сіз бен біздің күнделікті қолданатын ақпарат электронды ресур деп аталады сол ресурстарға ым тілінде сөйлейтін ым тілінде білім алатын ым тілінде жаңағы қызмет көретін адамдарға, балаларға қолжетімділік ашу, яғни сол қоғаммен сол адамдардың арасындағы барьерді алып тастау.