Қосшы қаласында садақ атудан жарыс өтті

Қосшыда ұлттық рухты жаңғыртқан «Жас мерген» жарысы өтті. Сайыс «AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Садақ ату өнерін жас ұрпақтың бойына сіңіруді мақсат еткен іс-шара жасөспірімдердің қызығушылығын арттырып, олардың бойындағы батылдық пен дәлдікті дамытуға ықпал етті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

АҚМАРАЛ БЕКБАЕВА, ДАРА БИЗНЕС АКАДЕМИЯ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

3 жылдан бері осы Дара бизнес академиясының негізгі бағыттарының бірі ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өзіміздің ұстаздар бағдарламасын жазып, өздері әдіс-тәсілдерін ойластырып, осындай бағытты ойлап тапқан болатын. Лекциялық тұрғыда сабақ оқып қана қоймай, бойындағы дағдыларды ары қарай дамытады.

РАҚЫМЖАН СЕЙДАХМЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

20 бала қатысып отыр. Жаңа айтып кеткендей, екінші сыныптан жоғары. Қазір енді арасында асық атудан өз өнерлерін көрсетеді. Негізі «Ұлттық мұра» жобасы өзіңіз білесіз, ол жерде 9 құмалақ та бар.