80-ге жуық белсенді Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты. Аймақ тұрғындары, қоғам жанашырлары мен ауылдық округ әкімдігінің өкілдері жиналып, Орталық стадион мен соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңын тазалады. Кейуаналар мен қариялар да күннің суығына қарамастан, табиғатқа қамқорлық жасауға белсенді атсалысты. Қар мен жаяу жүргіншілер жолында қатып қалған мұзды тазалауға 10 күрек пен тырма, жарамсыз қалдықтарды салуға арналған 200 қапшық әкелінді. Ал жиналған қоқысты тиеуге бір жүк көлігі қызмет етті. Нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
АЛМАСБЕК СӘТІБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Қардың ерігеніне байланысты қазіргі жерлерімізді қоқыстан және де мынау қардан, мұздан тазалау жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Бүгінгі акцияға ауылдық округтің ақсақалдары, аналары және де жастарымыз қатысып отыр. Ата-аналарымен бірге мектеп оқушылары өз ниетімен келіп отыр.
Ал Қызылжарда AMANAT партиясының бастамасымен “Дармарка” экологиялық акциясы өтті. Игі жоба жергілікті университпен бірлесе жүзеге асырылған. Оның аясында облыс орталығының жастары қолданылған пластик, қағаз бен киім кешектерді тапсырып, оны кәдеге жаратуға мүмкіндік берді. Мәселен, пластик пен қағазды жергілікті кәсіпорын қайта өңдеп, одан тұрмыстық заттарды шығармақ. Ал киімдерді партия мүшелері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тарту етті. Акция үш күн бұрын бастау алған. Осы уақытқа дейін 30кг пластик, 100 келі қағаз бен 300ден артық киім кешек жиналған.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “БОЛАШАҚ” ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты - жастарды экологиялық тазалыққа баулу. Осы акция аясында қала тұрғындары қолданылған заттарды қоқыс тастамай, оны игі бағытқа жібереді. Осылайша жастар қалдықты қайта өңдеу арқылы экологиялық мәселені шешуге септігін тигізеді.
Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік осал тобына гуманитарлық көмек көрсетеді.