Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Елена Рыбакина Australian Open турнирінің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы екі сетте ұтты – 6:3, 7:6 (9:7). Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды. Матч барысында Рыбакина 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды, бес эйс жасады. Ал Пегула екі эйс орындап, төрт мүмкіндіктің үшеуін брейк-пойнтқа айналдырды.