ҚазАвтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
- 2026 жылғы 30 қаңтар сағат 11:30-да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 2 ақпан сағат 08:30-да ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.