«Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің дамуын жаңа әрі сапалы деңгейге көтереді». Волонтерлар форумынада сөз сөйлеген Мемлекет басшысы осылай деді. Конституциялық комиссия бір аптадан бері қызу жұмыс жүргізді. Түрлі пікір айтылып, жаңа Ата Заң қабылдауымыз керек деген байламға келді. Құжатта адам ең қымбат құндылық екені айқын көрсетілген. Әділ қоғам құру принціпі де қайта қаралған. Бұдан бөлек, адамгершілік құндылықтарды ерекшелеп, бөлек жазу ұсынылды. Президент әр талқылау барысын мұқият қадағалағанын әрі айтылған ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.