Қосшыда қосымша сабақ кезінде 10 жастағы қыз қайтыс болды. Ол спорттық жаттығу кезінде өзін нашар сезінген. Әкімдік өкілінің айтуынша, жедел жәрдем келгенше оның жағдайы нашарлай түскен. Көрсетілген көмекке қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Бұған дейін, кәмелетке толмаған жасөспірім "демікпе" диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Құзырлы орган қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҚБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қайтыс болу фактісі Қосшы қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Тексеріс нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.