Елордада ата-аналар жекеменшік балабақшаға қатысты шағымданды

  • AstanaTV
  • 30 қаңтар 2026

Елордадағы жекеменшік балабақшалардың бірінде ата-аналар тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне қатысты шағымданды.  Олардың айтуынша, балалар үйге денесі көгеріп, ерні жарылып келетін болған. Бұған тәрбие орнының басшылығы не дейді? Тараптарды тілшіміз Үсен Астана тыңдады.  

Ата-аналар балабақшадағы тәрбиеші мен  көмекшісі тарапынан бүлдіршіндерге дөрекі әрекеттер көрсетіледі дейді. Оған дәлел ретінде бейнежазба бар екенін айтады.

ӘСЕЛ СЕРІК, АТА-АНА:

Жауапкершілік жоқ, не няняда, не воспитательде жоқ,  баланы шұқып, нұқып ұрған видеолары да бар, перепискада бар, қаншама синяк болып келді, қаншама еріні жарылып келеді сондай болып жатыр.

Тек Әсел Серік емес, өзге ата-аналар да  шағымы бар екенін жеткізді. 

АҚСӘУЛЕ ӘШІМ, АТА-АНА:

Балам асмааллергиямен учетта тұрады, оны апайы біледі, енді кеше келіп видеоны қарасам баланы көрпемен тұншықтырып ұйықтатқан, алдын күні баланың беті тістің ізімен келді, прям тістің ізі болды баланың, содан апайынан сұрадым, апайы білмейді, камераны қарадым, апай да, няня да 24/7 телефонда отыр бала қаралып жатқан жоқ камерадан көрдік бәріміз.

Ата-аналардың арызына  бөбекжай басшылығы жауап берді. Олардың айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі  жұмыстан шығарылған.

ҰЛДАНА НӘЛЖАНҚЫЗЫ, БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

4-те шығып кеткен біз оны мына ата-аналар келгеннен кейін біз оны жұмыстан қудық, біз топқа кірме дедік ол кісіге  енді ондай жағдай болып тұрғаннан кейін балалардың қасына қалдырғымыз келдірген жоқ.

Наразы ата-аналар бұл жағдайға байланысты полицияға арыз жазған. Полиция іс қозғады.