Мониторинг және жүргізілген тексерістер нәтижесінде ТЖМ мамандары таулы аймақтарда қар қалыңдығының жиналу процесі жалғасып жатқанын анықтады. Ауа райының тұрақсыздығына байланысты кейбір учаскелерде қардың өздігінен түсу қаупі сақталуда.
ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары қар жамылғысының жиналуын және көшкін қаупі бар учаскелердің жағдайын тұрақты түрде бақылап, жүйелі түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда республика бойынша 217 жерүсті тексеруі жүргізіліп, қар көшкіні түсуі мүмкін аумақтарға 110 ескерту белгісі орнатылды.