Синоптиктердің ақпан айына болжамы қандай?

Фото: pixabay

“Қазгидромет” болжамынша, ақпан айының басы республиканың әр өңірінде әртүрлі сипатта басталмақ: бір аймақта қар аралас жаңбыр жауса, енді бір жерде аязды әрі ашық ауа райы жалғасады.

1 ақпанда Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік циклонның әсерінен бұл өңірлерде қыс пен көктемнің «күресі» байқалады.

Батыс пен оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыс аймақтарда жаяу боран соғып, жол көрінісі нашарлауы мүмкін. Жолдарда көктайғақ болып, тұман түседі.

Еліміздің қалған бөлігінде, атап айтқанда солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда ауа райы тұрақты болады.

«Бұл өңірлерде жексенбі күні жауын-шашын күтілмейді. Алайда республика бойынша желдің күшеюі мен кей жерлерде тұман түсуі ықтимал», — деп хабарлайды синоптиктер.