Астана қалалық полициясы "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1000-нан астам отбасын мекенжай бойынша аралады.
Полицейлер қаланың барлық аудандарында тұрғын секторға кең ауқымды мекенжайлық тексеру жүргізді.
Полиция бақылауында тұрған отбасыларға, кәмелетке толмағандардың тұрмыс жағдайына, әйелдердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ отбасында бұрын құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғаларға ерекше назар аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 80-нен астам құқық бұзушылық дерегі анықталды.
"Олардың қатарында отбасылық істер бойынша сот шешімдерін орындамау, ата-аналық міндеттерді тиісінше атқармау, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы, алкоголь өнімдерін заңсыз сату, қоғамдық орындарда мас күйде болу, сондай-ақ тіркеусіз тұру фактілері бар", - дейді полициядағылар.
Іс-шара барысында сталкингтің — адамның еркінен тыс қайталанатын және қудалаудың алдын алуға да ерекше назар аударылды. 2026 жылдың басынан бері елордада сталкингтің 8 дерегі тіркеліп, әрбір өтініш бойынша қажетті процессуалдық шаралар қабылданды.