Бүгін Сәтпаев қаласы Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің біріне жапсарлас салынған дүкенінен өрт шықты.
Құтқарушылар өрт сөндіру барысында баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады!