АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен юниорлар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді. Біздің арулар әлемнің ең мықты командаларымен иық тіресіп, ел қоржынына маңызды медаль салды.
Әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде қазақстандық юниорлар құрамасы 3000 метрлік эстафетада бақ сынады. Өте жоғары жылдамдық пен тактикалық сауаттылықты талап ететін бұл сында біздің спортшылар нағыз шеберлік танытты.
Финалдық бәсекеде қазақстандық арулар шорт-трек мектебі дамыған алпауыт елдермен бәсекеге түсті. Отандастарымыз қола жүлде иеленді.
Бұл жетістік отандық шорт-трек мектебінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жас спортшылардың әлемдік додада жүлде алуы — қазақ спортының болашағына деген үлкен сенім ұялатады.