Боран соғып, көктайғақ болады. Ауа райына байланысты 15 өңірге ескерту жасалды.
Мәселен Ақмолада қар жауып, боран соғады. Тұман түседі. Ал Алматы облысында жел күшейеді. Қызылорда, БҚО, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды мен Атырау облыстарында көктайғақ болады. Түркістан және Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман түседі.
СҚО, Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, боран соғады.