Трамптың әйелі түсірген «Мелания» деректі фильмі премьера күні рекордтық табыс тапты

Фото: https://x.com/

АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайына арналған «Мелания» деректі фильмі премьера күні шамамен 2,9 млн доллар табыс тапты.

The Hollywood Reporter журналының хабарлауынша, болжам бойынша фильм алғашқы демалыс күндерінің қорытындысы бойынша 8 млн доллардан астам кассалық жинақ жасайды. Бұл көрсеткіш «Меланияны» соңғы он жылдағы ең табысты деректі фильмге айналдыруы мүмкін.

Егер болжам расталса, картина прокаттағы премьерлер арасында үшінші орынға шығып, актер Джейсон Стэйтем ойнаған жаңа экшн-фильм «Убежище» (Shelter, 2026) туындысын артта қалдырады.

Алайда журнал атап өткендей, фильмге қатысты көрермен мен сыншылардың пікірлері айтарлықтай екіге жарылған. Мәселен, Rotten Tomatoes кино сайтында сарапшылар берген баға небәрі 6% болса, көрермендер тарапынан қойылған баға 98%-ды құраған. Бұл аталған платформадағы осы демалыс күндері шыққан 10 ірі премьераның ішіндегі рекордтық көрсеткіш.

Басылым мәліметінше, фильм мен оның жарнамалық науқаны негізінен АҚШ-тың оңтүстігінде тұратын, жасы үлкен консервативті аудиторияға бағытталған. Премьера күні көрермендердің 72%-ын 55 жастан асқан әйелдер құраған.

«Мелания» деректі фильмі АҚШ-тың бірінші ханымы өміріндегі президенттің инаугурациясына дейінгі 20 күнді баяндайды. Картинаның режиссері Бретт Ратнер.