Үндістан қазақстандықтарға 30 күнге визасыз режим енгізді

Фото: pixabay.com

Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін виза беру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған шешім бірден күшіне енеді. Ол екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға және туристік алмасуды дамытуға бағытталған. Жаңа тәртіп тек туристік визаларға ғана емес, сондай-ақ медициналық визаларға және емделушіні алып жүруге арналған визаларға да қатысты.

ҚР СІМ мәліметінше, Үндістан азаматтары Қазақстанға бұған дейін де 14 күнге визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтарға Үндістанға бару үшін одан да тиімді жағдай жасалды.