Әулиеата өңіріндегі «Жаңа Жамбыл фосфор зауытында» екі жазатайым жағдай болды

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2026

«Жаңа Жамбыл фосфор зауытында» жарылыс болып,  бір адам қаза тапты. Тағы екі жұмысшы күйіп қалған. Зауыттағы аппаратшылар ферофосфордың ыстық шлагын төгу жұмыстарын жүргізу кезінде тасып, жойқын жарылыс болған. Сол сәтте нөмірі 5-ші пештің маңында үш адам термиялық күйік алып қалалық ауруханаға түскен. Реанимация бөлімшесіне жеткізілген 1994 жылғы азаматтың денесін 45 пайыздан аса күйік шалған. Алайда, оның өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.  Есін жимастан жан сақтау бөлімінде жан тапсырған. Қалған екі қызметкердің жағдайы тұрақты. Сондай-ақ, осы өндіріс орнында  жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапты.  Ол көліктің бортына жүк байлау кезінде артқа қозғалған ауыр техниканың астында қалған. Кәсіпорын басшылығы бұл жағдайға қатысты  ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

БЕКЖАН АБДИ, ҚР ЕЖӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Департамент тарапынан бұйрық құрылды, комиссия мүшелері анықталды. Соған сәйкес, екі жағдай бойынша да тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп біткен соң тиісті органдарға берілетін болады.