TikTok-тағы емші сотталды

TikTok-та өзін "емші" ретінде таныстырған астаналық алаяқ сотталды. Ол «көріпкелдік  қабілетім бар» деп әлеуметтік желіде қызметін кеңінен жарнамалаған. Ауырып ем іздеген 3 адам оған алданып, 5,5 млн теңге берген.  Псевдо-емші жәбірленушілерді дерттен құлан-таза айықтырамын деп сендірген.  Алайда алған ақысын букмекерлік кеңселерде құмар ойынға жұмсапты.

ДИНАРА ТУКЕЕВА, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: 

Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды. Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды ішінара өтеген. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енді.