Шымкентте кәмелетке толмаған қызға құқыққа қарсы әрекет жасаған жасөспірім ұсталды

Шымкентте кәмелетке толмаған қызға құқыққа қарсы әрекет жасаған жасөспірім ұсталды. Әлеуметтік желіде көше бойында  тұрған бүлдіршінді кенеттен ұстап алып, көтеріп әкетіп бара жатқан  бейнежазба көпшіліктің жағасын ұстатты. Түскен арыз бойынша полицияға оқиға орнына жедел жетті. Қазір кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасауға оқталу жайты бойынша  қылмыстық іс қозғалды.  Камелетке толмаған қызбен психологтың қатысуымен әңгіме-сұхбат жүргізілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді полицейлер.

АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.