Алматы облысы Талғар ауданындағы Бүркіт саяжайының 800-ден астам тұрғыны бір жыл бойы өздерінің ауыл құрамына кіргенін білмей келген.
Себебі, аумақта ешқандай өзгеріс болмапты. Әсіресе, инфрақұрылым мәселесі өзекті.
Тұрғындар мектеп, жарық, жол мәселесінен шаршаған. Елдімекенде тіпті автобус аялдамасы жоқ. Бұл аумақ бір жыл бұрын Ақтас ауылдық округінің құрамына енген. Бірақ, мүлдем өзгеріс жоқ дейді.
НҰРЖАМАЛ ӘБДИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Мына жерге автобус шақыртатын болсақ, барлығы айтады дачасыңдар дейді. Біз ол жерге бармаймыз дейді. Сонда дачаның тұрғындары адам емес, сонда дачаның балалары бала емес. Сонда біздің балалар мектепке бармау керек па түсінбеймін.
ДҮЙСЕНБАЙ ШЫНЖЫРБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Су, свет, газ бәрі жекеге өтіп кеткен. Кішкене осыған су тартып беруге, светті дұрыстап беруге, газды дұрыстап, жеке меншіктен соларға кішкене соларды реттеп берсе бізге.
Айтылған мәселелерден ауыл әкімі хабардар. Дегенмен түйткілді шешуге қауқары жетпейтін көрінеді.
АЛМАС ӨМІРЗАҚОВ, КЕҢДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Бізде 77 саяжай кірді жалпы.Ең кішісі осы мынау. Олардың барлығының мәселесі шешілмеген әлі күнге дейін. Оны біз бір жылдың ішінде шешіп тастаймыз деп айта алмаймыз.
Жауаптылар көтерілген мәселелерді дерлік жақын уақытта шешіп тастай алмайтынын ашық айтты. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан проблемалар рет-ретімен шешілмек.