Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқандар жазаланады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Ішкі істер министрлігіне әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан жалған және бұрмаланған ақпараттарға қатаң шара қолдануды тапсырды. Үкімет мүшелері мен өңір әкімдеріне реформаны халыққа жан-жақты әрі жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.