Халық пікірі: Конституциядағы өзгеріс – заман талабы

«Конституциядағы өзгеріс – заман талабы». Ата Заңдағы жаңашылдықтарға қатысты халық пікірі осындай. Жаңа құжатта адам құқығына ерекше ден қойылып, қауіпсіздігі алдыңғы шепке шыққан дейді тұрғындар. Бұдан бөлек, саяси реформалардың сараланып, түзетулердің ел дамуына дем беретініне сенімді.

БЛИЦ:

- Иә, конституциядағы өзгерістермен таныстым. 11 бөлім мен 95 баптан тұрады екен. Ішінде қатты ұнағаны  - адам құқығына ерекше мән берілген. Миранда ережесі де біз үшін жаңашылдық деп ойлаймын.

- Конституциядағы өзгерістер заңды деп ойлаймын. Комиссия тікелей эфирде талқылады, бәрін көріп отырдық. Енді осы реформалар орындалса, елде біраз өзгеріс болғалы тұр.

- Конституциялық реформа деген бұл тек заңға ғана енгізілген өзгеріс емес, бұл елдің дамуына жасап жатқан үлкен бір сенімді қадам десек те болады. Бұл арқылы біз әр адамның дауысының маңызды екенін білеміз және халық пен билік арасында ашық қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.

- Менің ойымша Конституциялық өзгеріс бұл дер кезінде қабылданған шешім болды. Бұл өзгерістер арқылы елдегі басқару жүйесі жаңғырып, болашақта еліміздің дамуына оң серпін береді деп ойлаймын.

- Конституцияны реформалау шешімі бұл дұрыс деп табамын. Өйткені біздің қоғамымыз тек алға қарай жылжып жатыр, прогрессивті дамып жатыр.  Сондықтан да біз жаңалыққа қашанда аяқ басатын болсақ, ол бізге жемісін береді.

- Ата заңымызға енгізілетін үлкен ірі өзгерістердің барлығының негізгі бағыты, негізгі ерекшелігі осында  яғни еліміздің әлеуметтік жағдайының шешілмей жатқан мәселелері, әлде де әттеген -ай деп жататын мәселелеріне қолдау көрсету.