Өзбекстанда туу көрсеткіші төмендеді

Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Былтыр Өзбекстанда туу көрсеткіші 5 пайызға төмендеді.

Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2025 жылы республикада 879,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 46,8 мың адамға кем.

Сонымен қатар, былтыр тіркелген некелер саны да аз. Атап айтқанда, 2024 жылы 271,8 мың жұп отбасын құрса, 2025 жылы шаңырақ көтергендердің қатары 4,7 мыңға қысқарып, 267,1 мыңға теңелді.

Бұл ретте ажырасу деректері жиіледі. Мәселен, былтыр елде мұндай 46,9 мың жағдай тіркелді, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 мыңға көп.

Қамтылып отырған аралықта қайтыс болғандардың да саны аз емес, яғни, өткен жылы 177,1 мың адам өмірден өтті. Тиісінше, 2024 жылға қарағанда бұл 2,7 мың адамға көп.