Ұлттық банк олимпиадашыларға арнап монета шығарды

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монеталарын айналымға шығарады.

Номиналы мың теңгелік монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы - proof, таралымы - 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді.

Монеталарды қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.