Жол апатынан 5 адам зардап шекті

Бүгін Қызылорда — Павлодар автожолында, Шідерті кентінің маңында жол апаты болды.  Бұл жерге ТЖМ апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел келген. 

Екі жеңіл көліктің соқтығысуы нәтижесінде бес адам зардап шекті. Төртеуін АМО мамандары тексерді: екеуі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды, екеуі медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы бір жәбірленушіні 103 қызметі тексерді.